Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет:
Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
Науқас адамдармен байланыста болмауға;
Суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:
Масканы тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана тағу қажет;
Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.