Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңеске мемлекеттік, құқық қорғау және әскери органдардың басшылары, судьялар корпусының өкілдері, мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, медицина мекемелерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары қатысты.

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

Кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгілегенін атап өтті.

Алғаш рет заң деңгейінде басшылардың сыбайлас жемқорлықта құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілік бекітілді. Сондай-ақ басшының ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде орындамағаны үшін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілік енгізілген.

«Біздің мақсатымыз — қоғам, бизнес және тұтастай алғанда адамдардың өмірі сыбайлас жемқорлықтан ада болуына жағдай жасау» деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қаладағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі ахуалы туралы баяндаған Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Қайрат Сүнтаев:«Біз бұрынғыдай әділдік пен заңдылықты алға қойып, әрбір сыбайлас жемқорлық фактісіне принципті және ымырасыз қарайтын боламыз» деп атап өтті.

Кеңес барысында қала әкімі мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты күшейтуді, «Алматы — адалдық алаңы» жобасын жандандыру және халыққа құқықтық көмек көрсететін «Мейірімділік акселераторы» қоғамдық қозғалысын қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.