Хоккей • 06 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Нұр-Сұлтанда Олимпиаданың іріктеу турнирі басталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден 2022 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирі басталды.

Шайбалы хоккей: Нұр-Сұлтанда Олимпиаданың іріктеу турнирі басталды

Осы жарыстың тұсаукесер кездесуі Польша мен Недерланды құрамалары арасында өтті. Шешуші сынға жақсы бабында келгенін байқатқан поляктар қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт шайба енгізіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Есеп – 4:0.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:30-де Қазақстан мен Украина құрамалары өзара күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, осы турнирде бірінші орын алған команда ғана Олимпия ойындарының жолдамасы үшін жарысты жалғастырады. Ал негізгі бәсекелер 27-30 тамыз аралығында Словакия, Латвия және Норвегия елдерінде өтеді.