Әлем • 06 Ақпан, 2020

Сирияда Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан өз филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты барысында айтылған болатын.

Сирияда Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады

Мерейтойлық жылдың ресми ашылуында сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек  Көшербаев ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту аясында ауқымды шаралар тек ел көлемінде ғана емес, шетелдерде де жоспарланғанын, соның ішінде Қазақстанның Дамаск қаласындағы тарихи-мәдени орталығы базасында ҚазҰУ филиалын ашу қарастырылғанын жеткізген еді.

Бұл бастама ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың Дамаск Университетінің президенті профессор Мохаммед Махер Кабакибимен кездесуінде жан-жақты талқыланды.

«Біз бұл идеяны толықтай қолдаймыз және филиалдың құрылуына, алға жылжуына көмек береміз. Бұл халықаралық колоборация үшін жақсы үлгі болады, Қазақстан мен Сирия ғылыми-білім беру салаларында екіжақты қарым-қатынасын нығайтып, әл-Фараби мұраларына тереңнен зерттеу жүргізуді арттырады», деді Дамаск Университетінің ректоры