Теннис • 06 Ақпан, 2020

Теннис: Жарыс кестесі жарияланды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Бельгияның Кортрейк қаласында өтетін теннистен Федерация кубогының іріктеу сайысында жергілікті команда Қазақстан құрамасымен шеберлік байқасады. 

Теннис: Жарыс кестесі жарияланды

Бүгін сол жарыстың кестесі жарияланды. Соған сәйкес бәсекенің алғашқы күніғ яғни 7 ақпанда Элизе Мертенс пен Зарина Диас және Исалин Бонавентюре мен Юлия Путинцева кездеседі.  

8 ақпанда Мертенс пен Путинцева және Боновентуре мен Диас күш сынасса, жұптық сайыс  Ярослава Шведова Анна Данилина және Кирстен Флипкинс пен Греетье Миннен арасында өтеді.

Осы бәсекеде жеңімпаз атанған команда Федерация кубогының финалдық сайысына жолдама алады. Бұл жарыс 14-19 сәуір аралығында Мажарстанның астанасы – Будапеште өтеді.