Тағайындау • 06 Ақпан, 2020

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерулан Жамаубаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен тағайындалған Казутин Николай Юрьевичті таныстырды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Казутин Николай Юрьевич
1982 жылы 28 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит.
Еңбек қызметі
• 2001 жылы ақпаннан бастап «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарының бухгалтерлік есебін жүргізуші және сақтандыру бойынша маман болып жұмысын бастаған, Алматы қ.;
• 2003 жылдың шілдесінен бастап 2005 жыл аралығында – «Amanat Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық талдаушысы, Алматы қ.;
• 2005 жылғы наурыздан бастап 2006 жыл аралығында – «Казинтерполис» Сақтандыру брокері» ЖШС қаржылық талдаушысы, Алматы қ.;
• 2006 жылғы наурыздан бастап 2016 жылдың маусымы аралығында – «Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қ.;
• 2016 жылғы тамыздан бастап 2018 жылдың қаңтары аралығында – «Көкшетау минералды сулары» АҚ кеңесшісі, Көкшетау қ.;
• 2018 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы қараша аралығында – «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
• 2020 жылғы 24 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары.