«Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Әлібек Жаппасбаев жүргізген отырыста топ құрамы қайта қаралып, қатарға жаңа мүшелер қабылданды.
Сонымен қатар осы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жүзеге асатын жұмыстар қатарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған монография шығару бар.
Топ мүшелері жұмыс жоспарына байланысты ойларын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.