Спорт • 07 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Қазақстан Украинаны ойсырата ұтты

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарының шайбалы хоккейшілер арасындағы іріктеу турниріннің бірі кеше Нұр-Сұлтанда басталды.

Шайбалы хоккей: Қазақстан Украинаны ойсырата ұтты

«Н» тобындағы Қазақстан құрамасы өзінің тұсаукесер кездесуін Украинаға қарсы өткізді. Бұл бәсекеде жерлестерміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Біздің жігіттердің соққан сегіз шайбаға қонақтар тек бір ғана голмен жауап бере алды. Есеп – 8:1.

Бірінші кезеңнің 4-минутында Дмитрий Шевченко, 8-минутында Егор Петухов, 10-минутында Дастин Бойд,13-минутында Роман Старченко және 18-минутында Талгат Жайлауов нысананы дәл көздесе, украиналықтардың сапынан Сергей Бабинец мергендік танытты.

Үзілістен кейін Даррен Диц пен Аркадий Шестаков гол соқса, кездесудің 52-минутында Валерий Орехов бәсекенің соңғы нүктесін қойды.

Өзінің келесі кездесуін Қазақстанның хоккейшілері бүгін Недерланды құрамасына қарсы өткізеді. Алғашқы бәсекеде Қызғалдақтар елінің өкілдері Польшадан 0:8 есебімен ұтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024