09 Тамыз, 2013

Автокеруен мақсаты – іскерлік ілкімділік

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тайландтағы «АМАТА» компаниясының басшысы әрі құрыл­тай­шысы болып табылатын мультимиллионер, белгілі кәсіпкер Викром Кромадиттің қаржылық демеуімен алыс жолға шыққан авто­керуеннің Қазақстанда атбасын тіреген алғашқы бекеті Петро­павл қаласы болды. 17 наурыздан өз сапарын ұйымдастырған тайлар бұған дейін Бирма, Корея, Қытай, Ресей елдерін басып өтіп, Ом­бы арқылы жеткен. Одан әрі еліміздің бірқатар қалаларын араламақ.

Тайландтағы «АМАТА» компаниясының басшысы әрі құрыл­тай­шысы болып табылатын мультимиллионер, белгілі кәсіпкер Викром Кромадиттің қаржылық демеуімен алыс жолға шыққан авто­керуеннің Қазақстанда атбасын тіреген алғашқы бекеті Петро­павл қаласы болды. 17 наурыздан өз сапарын ұйымдастырған тайлар бұған дейін Бирма, Корея, Қытай, Ресей елдерін басып өтіп, Ом­бы арқылы жеткен. Одан әрі еліміздің бірқатар қалаларын араламақ.Делегация мүшелерінің құр­ме­тіне С.Мұқанов атындағы әм­бе­бап кітапханада іскерлік кездесу ұйымдастырылып, онда сөз ал­ған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Президент Н.Ә.Назарбаев ел экономикасына қы­зы­ғушылық танытқан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы мүмкіндік тудыру, экспорт қуатын арттыру міндеттерін қойғанын, рынок көк­жиегін кеңейтуге, EXPO-2017 көр­ме­сіне әзірлікті күшейтуге, «жасыл» экономиканы дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын, осы орайда туризм, шағын және орта бизнес салаларына инвестициялық қар­жылай қолдау ниетін көздеген Тай­ланд меймандарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ком­па­нияның қор басқарушысы Панчана ханым қазақ елінің қонақжайлылығына, әсем табиғатына деген ризашылық сезімін білдіре келіп, сапар мақсатын түсіндірді. Оның айтуына қарағанда, компания Тайландта және Вьетнамда үш ірі индустриялық парк иеленетін көрінеді. Олардың құрамына 1 мыңдай кәсіпорын топтастырылып, 150 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа тартылған.

Тайлықтардың осы жұмыс сапарына бірден-бір дәнекер бола білген «ExpoArisCo.Ltd» фирмасының директоры Роман Арыстановтың да айтары аз болмады. Ол Қазақстан мен Тайланд арасындағы экономикалық байланыстың 20 жылдан бері тұрақты өркендеп келе жатқанын айта келіп, екі елдің индустриялық-инновациялық зор әлеуеттерін, осы салада қалыптасқан жақсы үрдістерін одан әрі ілгерілетудегі іскерлік қарым-қатынастың маңызын атап өтті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.