Қазақстан • 07 Ақпан, 2020

Қазақтілді медиа үшін жарнама тарту мәселесі өзекті - АҚШ елшісі

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жыл сайын өтетін Qazforum 2020 қазақ тілді онлайн контент жасаушылар форумы басталды. Медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосатын алаңда қазақ тілді контентті дамыту мәселелерімен қатар, медиа нарықтағы жаңа трендтер мен таяу келешекке жасалған болжамдар талқыға түседі.

Қазақтілді медиа үшін жарнама тарту мәселесі өзекті - АҚШ елшісі

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, EQ

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған шараға медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлер қатысып жатыр.

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х. Мозер алғы сөзінде бүгінгі қазақ тілді медиаға деген сұраныс артып келе жатқанын атап өтті.

«Qazforum осыдан 4 жыл бұрын қазақтілді онлайн медиа өкілдерінің кәсіби алаңын қалыптастыру мақсатында басталды. Бүгін қазақ тілінің қолдану аясы кеңіп келеді. 4 млн адам медианы тұрақты қазақ тілінде тұтынады екен, 500-ден астам қазақ тілді медиа бар. Алайда қазақтілді медиа үшін жарнама тарту мәселесі әлі де қиын болып тұр. Бұл алаңда әртүрлі медиа өкілдері бүгінгі жаһандық өзгерісте пайда болған медиа саласындағы басты сын-қатерлерді шешу жолын табуға тырысады», деді Уильям Х. Мозер.

АҚШ елшісі бүгінгі қазақтілді медиа ғана емес, жалпы әлемдік медиа жалған ақпарат мәселесімен бетпе-бет келіп отырғанын айтты.