Могул бәсекесінде Қазақстанның қос спортшысы – Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд өнер көрсетті. Өкінішке қарай, екеуінің де жолы болмады. Олимпия ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева 77,06 ұпай жиып, жетінші орынды қанағат тұтты. Ал суперфиналға әлем кубогының кезеңдік сайыстарында алғашқы алты орынды иеленген спортшылардың қатысатынына ескерсек, жерлесіміз ол мүмкіндіктен қағылды.
Ал ерлер сайысында күш сынасқан Дмитрий Рейхердтің нәтижесі тіптен төмен болды. Ол 14 орында қалып қойды.