09 Тамыз, 2013

Өңірлер ахуалы депутаттар назарында

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент депутат­тары­ның ел өңірлеріне сапары ая­сында Сенат депутаты Әділ Ахметов пен Мәжіліс де­путаты Қуаныш Сұлтанов Қы­зылорда облысында болып, Шиелі, Жалағаш, және Сыр­дария аудандарын аралады.

Парламент депутат­тары­ның ел өңірлеріне сапары ая­сында Сенат депутаты Әділ Ахметов пен Мәжіліс де­путаты Қуаныш Сұлтанов Қы­зылорда облысында болып, Шиелі, Жалағаш, және Сыр­дария аудандарын аралады.

Депутаттар «Қазатомпром» ұлттық компаниясының уран және күкірт өндіру кәсіпорындарының жұмысымен, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, депутаттар облыс әкімдігінде өткен күріш шаруашылығының келелі мәселелері сөз болған ке­ңей­тілген жиынға қатысты.

Қызылорда өңірі тұрғын­дары­мен кездесе отырып, Ә.Ахметов пен Қ.Сұлтанов әлеуметтік қам­сыздандыру, тұрғын үй құрылысы, мәдениет салаларын дамытудың толғақты мәселелерін талқылады.

– Жалпы, облыста индус­трия­лық-инновациялық даму, орта және шағын кәсіпкерлікті қол­дау, тұрғындарды әлеу­мет­тік қорғау бойынша көп жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, инфрақұрылымды жаңғырту, қалалар мен ауылдарды көр­кей­тудегі тың әрекеттерді атап өту қажет, – деді сенатор Ә.Ахметов.

ҚЫЗЫЛОРДА.

***

Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен кездесті.

Сенатор институттың басшылығы мен жеке құрамына еліміздегі қандай да болсын игілікті істерге белсене атсалысатын жігерлі ұмтылыстары үшін ризашылығын білдіре келіп, бірінші курсқа қабылданған курсанттарға табыс тіледі. Сондай-ақ ол курсанттардың құтқарушы сияқты мәртебелі мамандықты таңдау арқылы өздерінің өмірлік жолын таңдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», деп ұлт алдына биік мақсат қойғанын сенатор кездесуге қатысушылардың есіне салды. Сіздер осы оқу орнының қабырғасынан лайықты білім алып, Отанымыздың игілігі үшін бар күш-жігері мен білімін аямай жұмсайтын, жұрт мақтан етерлік нағыз құтқарушы маман болып шығасыздар, деді Жабал Ерғалиев.

КӨКШЕТАУ.

***

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Алматы қаласындағы Аймақтық диагностикалық орталығында болды.

Сенатор кездесу барысында диагностикалық орталық қыз­мет­керлерімен Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың Жолдауында және «Қазақстаның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында көрсетілген әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту мәселелерін әңгімеге арқау етті.

Кездесуде Сенат депутаты денсаулық сақтау саласын да­мыту мәселесіне ерекше на­зар аударылып, салаға бөлінетін қаражаттың жыл санап өсіп келе жатқандығын, «Саламатты Қа­зақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды.

Сондай-ақ, сенатор өткен пар­ламенттік сессия барысында атқарылған істер туралы айта келіп, жүздесуге жиналған дәрі­герлер қауымын толғандырып жүр­ген көптеген сұрақтарына жау­ап қайтарды.

АЛМАТЫ.