09 Тамыз, 2013

Құрылыс қарқыны

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылғы алты айда облыста 473 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Олардың ішінде 445-і тұрғын үй және 28-і тұрғын үй емес бағыттағы құрылыстар болып табылады.

Үстіміздегі жылғы алты айда облыста 473 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Олардың ішінде 445-і тұрғын үй және 28-і тұрғын үй емес бағыттағы құрылыстар болып табылады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар 167,3 млрд. теңге игерді, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрады. Осы кезеңде құрылыс қызмет түрлері бойынша орындалған жұмыс көлемі 55,8 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-маусым деңгейімен салыстырғанда 104,1 пайыз болды.

Алғашқы жартыжылдықта   жалпы көлемі 172,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр. Халықтың жеке қаржысымен 51,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 30 пайызы деген сөз. Алайда, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, халық қаржысымен қоса есептегендегі пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 39,8 пайызға төмендегені байқалды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.