«Біз бұл ұшырылымды «Қазақстандық старт. Ғарыш бәріне ортақ» деп атадық және біздің Қазақстанмен, Орталық Азиядағы ірі қаржы хабымен ынтымақтастығымызға арналады», - деп жазды OneWeb компаниясының басшысы Адриан Штекель компанияның twitter-дегі ресми аккаунтында.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожаның пікірінше, бұл ұшырылым қазақстандық компаниялар мен OneWeb арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ.
- Қазақстан OneWeb компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін белсенді түрде пысықтауда. Атап айтқанда, біздің құрастыру-сынау кешенінде OneWeb спутниктеріне арналған компоненттер жасау, сондай - ақ OneWeb топтарына жерде қолдау көрсету үшін біздің ғарыштық байланыс орталығының қуатын пайдалану мәселесі тұр,- деп атап өтті вице-министр.
One Web ғарыш аппараттары Жер бетін толық қамту есебінен Интернетке кең жолақты қолжетімдікті қамтамасыз етуге арналған. Әр аппараттың салмағы 150 кг-ға жуық, екі күн батареясымен жабдықталған, қызмет мерзімі-5 жыл. 34 ғарыш аппараты «Байқоңыр» ғарыш айлағына 2019 жылғы 17 желтоқсанда (6 бірлік) және 2020 жылғы 17 қаңтарда (28 бірлік) жеткізілгенін естеріңізге салып өтеміз.
Зымыран-тасығыштан бөлінетін бөліктерді қабылдауаймағындағы қауіпсіздікті бақылауды және экологиялық мониторингті «Бәйтерек«БК» және «Ғарыш-Экология» ҰЗО» қызметкерлері қамтамасыз етті. Атап айтқанда, сарапшылар қабылдау аймағында, сондай-ақ ауданға іргелес жатқан аумақтардағы ауылдарда ұшырылымға дейін және одан кейін зертханалық зерттеулер үшін сынамалар (атмосфералық ауа, қар/топырақ, ауыз су) алды.