Қазақстан • 07 Ақпан, 2020

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауына шығарылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамды даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды.

Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды

- Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады, - деп жазды Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.

- Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын, - делінген жазбада.