Парламент • 10 Ақпан, 2020

Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сенатының жанындағы Сена­торлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті

Кеңес мүшелері Ұлттық экс­порттық стратегия бағдар­лама­сының орындалуын қа­рас­тырды. Отырыс барысын­да құзырлы органдарға бағыт­талатын ұсынымдарды жинау бойынша жұмыс тобын құру айтылды.

Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы Пар­ламенті депутаттарының конс­титуциялық өкілет­тік­терінің іске асырылу мәселелері ортаға салынды. Кеңес мүшелері соңғы уақытта депутаттардың атына келіп түсетін өтініштердің саны артқанын айтып өтті. Тиісінше, депутаттық сауалдардың да легі көбеюде. Алайда, сауалдарға бері­летін атқарушы билік орган­дар жауабының көбісі депутаттарды қанағаттандырмайды.

Палата Төрағасы өз кезе­гінде, ст­ра­тегиялық құжаттарды бірың­ғай жүйеге келтіруде Үкі­метке кө­мек көрсету керектігін алға тартты. 

«Бүгінде Үкіметке тың идея­лар мен көмек қажет. Барлығы бір-бірімен байланысты болу керек, сонда ғана нәтиже болады», – деді Палата Төрағасы.