Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысына Үкіметтің 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалуы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Премьер-Министр Президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның жұмыстары туралы айтты.