Президент • 10 Ақпан, 2020

Ішкі істер министрі Президентке Қордайдағы ахуалға қатысты есеп берді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі Президентке Қордайдағы ахуалға қатысты есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар