«Париждегі турнир өте жоғары деңгейде өтті. Бұл бәсекеден маған күміс жүлде бұйырды. Екі жылдан бері жеңіс тұғырынан көріне алмадым. Яғни, бұл мені екі жыл күттірген медаль. Турнирде жалпы есебі жету кездесу өткізіп, финалда жапондық Сочи Хашимитоға есе жібердім. Әрине, барлық кездесу де оңай соққан жоқ. Бірақ мен үшін ең қиын белдесу жартылай финалда тәжік балуанымен өтті. Бір қуантатыны – ойлаған әдіс-тәсілдерімнің бәрі сәтті шықты. Париждегі бәсеке алдында Австрияда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Ал жарыс аяқталған соң Францияда үш күн жаттығу өткізіп, Мароккода өтетін Гран-при турниріне дайындаламын. Менің ең үлкен мақсатым – Олимпиада ойындарына лицензия алу. Біздің спортта лицензия алу үшін рейтингілік ұпайлар жинау қажет. Сол үшін тер төгемін. Жалпы, осы Grand Slam турниріне дейін екі жыл бойы медаль алған жоқпын. Спортшы үшін бұл оңай емес. Талай жарыстан құр қол қайтып, жанкүйерлерді де ашуландырып алдым. Бірақ маған сенімін жоғалтпаған бапкерлерге рахмет. Олар мен ұтылған сайын қатемен жұмыс істеуді үдете түсті. «Қанша уақытыңды жаттығуға сарп еттің, енді оң нәтиже болуы тиіс» деп жігерлендірді. Ендігі мақсатым – осы бабымнан таймай, жеңісті жолғы жалғастыру», - дейді Жансай Смағұлов.
Өткен демалыс күндері Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Әлемнің ең үздік балуандары жиналған додада Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды. 60 келідегі Елдос Сметов қола, 73 келідегі Жансай Смағұлов күміс жүлдегер атанған болатын. Біраз уақыттан бері жеңіс тұғырына жете алмай, көптеген турнирлерде жүлдеден қағылан Жансай Смағұлов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, дүбірлі доданы қорытындылады. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше