Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 6 ақпанда Бөрлі ауданының әкімдігінде ҚПО, Бөрілі ауданының мәслихаты мен әкімдігі арасында Ынты­мақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

Алғаш рет Қарашығанақ мұ­най-газ конденсаты кен орны­ның маңында орналасқан Бөрілі ауда­нының Орал маңы, Жар­суат және Успеновск ауыл­дық округтерінде Консуль­татив­тік кеңес құру бо­йынша Ынты­мақтас­тық туралы мемо­рандумға 2005 жылы қол қойы­лып, әр бес жыл сайын Жер­гі­лік­ті елді мекенді дамы­туды қол­дау жөніндегі бағ­дар­ламаны бекіт­кеннен кейін жаңартылып отырады.

Аталмыш меморандумның мақ­саты – ҚПО-ның Жергілікті елді ­ме­кенді дамытуды қолдау жөнін­дегі бағдарламаны орындауы. Атал­ған бағдарламалар халық­тың әлеу­мет­тік қорғалмаған топтарын қол­дау­ға бағытталған. Ол жергі­лікті тұр­ғындар мен Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы билік органдары арасында қуатталды.

Халықпен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы З.Мұзафарова Ынты­­мақтастық туралы мемо­ран­дум аясында бизнес, билік және қоғамның өзара іс-қимы­лы жергілікті тұрғындар мен мемле­кеттік органдардың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын дамытуға септігін тигізеді деп атап өтті.

Кездесу кезінде Бөрілі ауданы­ның әкімі М.Сатқанов: «Барлық бағдарламалар халық арасында зор сұранысқа ие болды және олардың қажеттілігі уақыт талабы», деп атай келе, ҚПО жергі­лікті қауымдастықты дамыту сала­сындағы атқарылған және жоспар­ланған жұмысына алғыс білдірді.

 

Арман КУСАИНОВ

 

Батыс Қазақстан облысы