Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Алматыда жыл басынан бері 180 мыңдай адам ЭЦҚ алды

267 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алдымен электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) мемлекеттік қызметтерді алу үшін салық төлеушілерге қажет екендігін айта кету керек. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсырып, тоқтата алады, бақылау-кассалық машинаны есепке алып, басқа да әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Алматыда жыл басынан бері 180 мыңдай адам ЭЦҚ алды

Сондықтан жыл сайын жаңа жыл басталғанда Азаматттарға арналған үкіметтің майдан-кеңселеріне ағылатындар көбейеді. Себебі мемлекеттік қызметшілер мен заңды тұлғалар жыл сайынғы салық есептілігін тапсыру қажет. Ол үшін көпшілік майдан-кеңселерге  (ХҚО) барып, кезек күтушілер санын арттырады. Декларацияны, салық есептілігін үйде немесе жұмыс орнында отырып-ақ, электрондық цифрлы қолтаңба, яки сандық қолтаңба арқылы тапсыруға болатынын көпшілік білсе де, оны құнттай бермейтін сияқты. Ал, ЭСҚ-ны пайдалану түк те қиындық тудырмайды.

ЭЦҚ-ны қайдан алам дейтіндерге, Азаматттарға арналған үкіметтің кез келген майдан-кеңсесінен, сондай-ақ, дәл осы күндері, Алматы қаласындағы барлық кірістер басқармаларынан алуға болады.

«Алматы қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтарына электронды цифрлық қолтаңба алуға келгендер саны күрт артқандықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның филиалы Мемлекеттік кіріс басқармасымен бірлесе отырып корпорация қызметкерлерін өңірлік кіріс басқармасына бағыттау туралы шешім қабылдаған болатын. Осылайша, енді Кіріс басқармаларында ХҚО мамандары ЭСҚ жазып беріп отыр», - дейді «Азаматттарға арналаған үкімет»  МК  Алматы қаласы филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл Әпетова.

ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығышы болуы қажет.

Бұдан басқа, ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімін Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz сайтында жеке кабинетте ұзартуға болады. Ол үшін келесідей әрекеттерді орындау қажет:

  1. Қолданыстағы ЭЦҚ қатысты барлық деректерді толтыру;
  2. «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ паролін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қою және жұмысқа кірісу;
  3. ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» батырмасына өту қажет. Шыққан мәзірден «ЭЦҚ қайта шығару» бөлімін таңдау қажет;
  4. Сонан соң негізгі жолақтарды толтырып, «Өтінім беру» түймесін басып, растау және қол қою қажет;
  5. Егер ЭЦҚ сақтау үшін компьютер таңдалса, ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап, енгізу және «сертификаттарды жүктеу» батырмасын басу керек;
  6. Парольде төменгі және жоғарғы регистрлердің латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Пароль кем дегенде 6 таңбадан құралғаны жөн.
  7. «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз. Тіркеу куәліктерінің сәтті орнатылғаны туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді алу үшін салық төлеушілерге қажет. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсыра алады және тоқтата алады, бақылау-кассалық машинаны есепке алады және тағы басқа әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ бүгінде порталға кірудің тағы бірнеше жолы іске қосылғанын да айта кеткеніміз жөн.

Бұл – бір жолғы жасырын сөз. Бұл әдіспен порталға кіру үшін ЖСН нөмірін теріп, ұялы телефон нөмірін толтыру қажет. Аталған әдісті мобильді азаматтар базасында тіркелгендер пайдалана алады.

Сондай-ақ QR-код – порталға кіру үшін жасалған жаңа әдістің бірі. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кіре алады. Егер өзіңізбен бірге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдіспен порталға оңай кіруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгісі арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бірден қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.

Осылайша уақытыңызды үнемдеп, барлық шаруаңызды үйде отырып-ақ бітіре беруіңізге болады. Цифрланудың алғашқы шарттарының бірі осы.