Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Медеу ауданының әкімі жұртшылықпен жүздесті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан тұрғындарының алдында өткен жылды қорытындылап есеп берген Сұлтанбек Мәкежанов  бұған дейін де 4-5 кездесу өткізген болатын. Кезекті басқосу Алатау ықшамауданында өтті.

Медеу ауданының әкімі жұртшылықпен жүздесті

Әкіммен жүздесуге келген тұрғындарды  көгілдір отын мен ортақ кәріз жүйесіне қосылу жайы алаңдатып отыр. Сондай ақ аудан аумағындағы қаңғыбас иттердің мәселесі де айтылмай қалған жоқ. Тұрғындар жұмыссыздық жайын тілге тиек етіп, көпбалалы аналарға көмек көрсетілсе деген тілек білдірді.

– 12 мың тұрғыны бар ықшамауданға бір учаскелік полицей мен көмекші ғана бөлінген. Олардың жұмыс істеу кестесі мен штаттық құрылымын қайта қараймыз. Аудандық полиция басқармасымен сөйлестім. Мәселе 1 ай ішінде шешіледі. Осында кемінде 3 тәртіп сақшысы болады. Сол кезде ұрлық, тонау деректері азаяды деп ойлаймын. Себебі, Алатау ықшам ауданына кіріп-шығатын 2 жол бар. Оған қоса, «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында бірнеше жоба қаралып жатыр», – деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов.