Руханият • 12 Ақпан, 2020

Ерегескен ел болмас

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қордайдағы жағдай, қоғамдағы түрлі талқыға түскен тағдырлар ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Бірнеше адам шығыны болды. Қаза бар жерде жаза да болары анық. Оны құзырлы органдар тергеп, тексере жатар. Менің айтпағым, мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының хақы жайында.

Ерегескен ел болмас

Иә, мемлекет құраушы ұлт қазақ халқы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ біз мемлекет құраушы ұлт ретінде біріктіруші ұлтқа айнала алдық па деген сауал мені жиі мазалайды.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлт­тық құндылықтарымызды құрметтеуді, салт-дәстүріміз­ге сай өмір сүріп, дініміз бен тілімізді берік ұстануда, өзгелерге үлгі болуға тиіспіз. Қазақ «Өзіңді – өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқын құрметтесін десек, бірінші кезекте өзімізді өзіміз сыйлап, басқаға сыйлата білуіміз керек. Ерегіспен жүріп енші алу біздің қанымызда жоқ қасиет. Елдің береке-бірлікте күн кешіп, қо­ғамдық-саяси ахуалдың тұ­рақты болуына мемлекет құ­раушы ұлт ретінде бірінші кезекте қазақ халқы жауапты. Ал өзге ұлт өкілдері дәстүрімізді дәріптеп, тіліміз бен дінімізді сыйлап, заңымызды құрметтеп, мемлекеттік тілді меңгеріп, жат­тығын сездірмесе, біздің де оларға қашанда құшағы­мыз ашық. Тәуелсіз елімізде, өз жері­­мізде бірлігімізбен қазақ­тың төңірегінде біріккен бір ел болып, өнегемізбен өзгені бауы­рымызға баса білейік.

 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,

Ұлытау ауданының әкімі