Футбол • 12 Ақпан, 2020

Англияда ең көп еңбекақы алатын футболшылар кімдер?

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Spotrac порталы Англия Премьер-лигасында (АПЛ) өнер көрсететіндер арасында ең көп еңбекақы алатын футболшылардың тізімін жарияланды.

Англияда ең көп еңбекақы алатын футболшылар кімдер?

АПЛ-да «Манчестер Юнайтед» клубының қақпашысы Давид Де Хеа  алдына жан салатын емес. Ол жылына 23 миллион евро алады.

Екінші орында «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне. Бельгиялық жұлдыздың жылдық табысы 19,7 миллион евро.

Үшінші орында – Рақым Стерлинг. «Манчестер Ситидің» сапында ойнап жүрген ағылшын жартылай қорғаушысы жылына 18,5 миллион евро табады.

Сондай-ақ табысы көп теңбіл доп шеберлері қатарында мына ойыншылар енді:

Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 17,8;

Месут Өзіл («Арсенал») – 16,5;

Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед») – 15,3;

Серхио Агуэро («Манчестер Сити») – 14,1;

Мұхамед Салах («Ливерпуль») – 12,3;

Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед») – 12,3;

Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур») – 12,3;

Тангай Н'Домбеле («Тоттенхэм») – 12,3;

Александр Ляказетт («Арсенал») – 11,1;

Роберто Фирмино («Ливерпуль») – 11;

Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») – 10,1;

Гарри Магуайр («Манчестер Юнайтед») – 10.