Кеше Мәскеудің «Спартагы» Магнитогорскінің «Металлургынан» 4:2 есебімен айласын асырып, өз жанкүйерлерін қуантты. Осы жеңістің арқасында айтулы клуб биылғы маусымда Гагарин кубогы үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.
Ал оларға дейін тағы сегіз команда плей-офф бәсекесінің жолдамасына иелік еткен еді. Олар – ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Мәскеу), «Йокерит» (Хельсинки), «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Барыс» (Нұр-Сұлтан).