Таяуда Португалия мемлекетінің Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында Еуропа ашық чемпионаты өткен болатын. Әлемнің 100 елінен жиналған 5 мыңға жуық спортшының ішінде Әсет Қыдырбаев қола жүлдеге ие болған еді.
Жеті күнге созылған додада еліміздің намысын қорғаған Әсет Қыдырбаев 82,3 келі салмақ дәрежесінде Голландия, Бразилия, Польша, Англия споршыларымен күш сынасып, өз салмағындағы 24 қатысушыдан дара болып, жеңімпаздар тұғырына көтерілді.
Ел мерейін үстем еткен батырдың жаттықтырушысы – Құтжанов Марат болса, Әсет Бектұрсынұлы Нұр-Мүбарак университетіндегі «Исламтану» факультетінің 2013 жылғы түлегі.
Кездесу барысында «Ұстазын ұлықтай білмеген адамның қолынан ешуақытта ұлылық келмейді», деген сөзді жадында сақтаған жеңімпаз Әсет Қыдырбаев ұстаздарына рахметін айтып, ақ батасын алды.
Сондай-ақ университет проректоры Қ.Құрманбаев шәкіртін жеңісімен құттықтай келе, «Сәуір айының басында БАӘ өтетін әлем чемпионатында бағың мен бабың келісті болып, жеңіс тұғырынан көрейік!», деп ізгі ниеті мен ақ тілегін білдірді.