Қоғам • 12 Ақпан, 2020

Елордадан бүгін түнде 32 919 текше метр қар шығарылды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 462 техника бірлігі мен 1 731 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордадан бүгін түнде 32 919 текше метр қар шығарылды

Ал 11 ақпаннан 12-не қараған түні  қар тазалау жұмыстарына  1 322 техника бірлігі мен 161 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын. Нәтижесінде, 2 743 рейс жасалып, 32 919 текше метр қар шығарылды.

Айта кетейік, жалпы осы уақытқа дейін   3 473 242 текше метр қар полигондарға төгілді (284 509 рейс).