Олар тек педагогика емес, өмірдің барлық саласы бойынша өзекті мәселелер мен жаңалықтарды қамтиды. 2019 жылдың наурыз айында білім ордасында Бизнес – инкубатор U – Smart инновациялық бөлімшесі ашылған болатын. Ол жобасын қолына алған студенттерге идеялық бастамасынан бастап, нәтижесін көргенге дейін көмек береді. Бүгінде онда 50 резидент пен 19 білім бағдарламасы өкілдері кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп жүр. Білім ордасы қабырғасында жүріп-ақ резиденттер өздері жасаған жобаларда ақпараттық білім саласын, инклюзивтік кеңістікті дамытуды, өңдеу өнеркәсібін, медиа, мәдениет және бизнесті қамтиды. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында мұндай орталықтың баламасы жоқ.
Аз уақыттың ішінде университеттегі Бизнес – инкубатор U – Smart орталығы өзінің жетістігімен кәсіпкерлік қоғамдастыққа да белгілі бола бастады. Студенттер өздерінің қызықты бастамаларымен Қазақстанның оншақты қаласында болды. Алматы қаласында өткен халықаралық GoViral фестивалінде резиденттер Айдана Ыдырысова мен Сұлтан Қожамбердиев АҚШ дипломатиялық миссиясынан өңірлік амбассадорлар атанды. Ал Қазақстан мәдениеті жөнінде ағылшын тілінде балаларға сабақ үйретуге арнап мультфилм жасаған студент Диана Темірханованың «Wonder 7» жобасы Павлодар қаласында өткен Қазақстан ректорлар кеңесі аясындағы шарада қаржыландыруға ұсынылды. Білім ордасында мұндай мысалдар жеткілікті.
U-Smart орталығына келген студент өзін жан-жақты сынайды, өзін бизнес әлеміне дайындайды, көшбастаушы қабілетін ұштай түседі.
ҚОСТАНАЙ