Шара аясында осы аумақ тұрғындарына жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.
Профилактикалық шара барысында алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатқан 6 сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тұрғын үйлердің аулаларында масаң күйде жүрген 3 адам анықталып, олар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, ел аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрудың 19, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 8, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 4 және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 4 дерегі анықталды.
Тексеру барысында қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін 4 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.