Министр жаңадан қабылданған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы Маңғыстау өңіріне қатысты мәселелерді жергілікті әкімдік, жоғарғы оқу орындар мен мектеп және Білім басқармасы бірлесе жүзеге асырып, айтылған ескертпелерді шешуді тапсырды.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті директоры облыста оқушы орнының тапшылығы жылына 10-11 мыңға жететіндігін атап өтті. Одан бөлек, шалғай елді мекенде орналасуына байланысты өңірде 10 460 бала мектептерге арнайы көліктер арқылы тасымалданады.
А. Аймағамбетов аталған мәселеге қатысты нақты тапсырмалар беріп, келер жиында іс-әрекет жоспарын тапсыруды міндеттеді.