Күрес • 13 Ақпан, 2020

Күрес: Азия чемпионаты өтеді

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-23 ақпан аралығында Үндістанның астанасы – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

Күрес: Азия чемпионаты өтеді

Еліміздің әйелдер және грек-рим күресі шеберлері осы жарыста қандай құрамда өнер көрсететіні жайында біз бұған дейін хабарлағанбыз. Көп кешікпей еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Әсет Серікбаев өз таңдауын жасады.

Үнді елінде күш сынасатындар қатарында былтыр Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген үш балуанымыздың екеуі бар. Олар – Нұрислам Санаев (57 кило) пен Дәулет Ниязбеков (65 кило). Тек 70 кило салмақта күміс медальді мойнына ілген Нұрқожа Қайпановты осы жарыста Мейіржан Әшіров алмастырған екен.  

Сонымен қатар, Нью-Делиде Нұрболат Абдуалиев (61 кило),  Данияр Қайсанов (74 кило), Ғалымжан Өсербаев (79 кило), Азамат Дәулетбеков (86 кило), Илизхан Чилаев (92 кило), Әлiшер Ерғали (97 кило) және Юсуп Батырмурзаев (125 кило) сынды сайыпқырандар белдеседі.