Қазақстан • 14 Ақпан, 2020

Қытайдан қазақстандық азаматтар елге жеткізілді

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Алматының халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді. Олардың ішінде 171-і Қазақстанның, 40-ы Қырғызстанның азаматы. Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты Қазақстан азаматтарын елге жеткізген соңғы рейс.

Қытайдан қазақстандық азаматтар елге жеткізілді

Елге келгендердің жағ­да­йы қанағаттанарлық. Қазақ­стан­дықтар келген соң жұқпалы аурулар емханаларына жеткізілді, Қырғызстан азаматтары қырғыз тарапына берілді және Қырғыз Республикасының аумағына жет­кізілді.

Карантин жарияланған жер­ден келген жолаушылар жұқ­палы аурулар емханасының аума­ғындағы мамандандырылған бокс­тарға оқшауланады.

Санитарлық және шекара қызметінің қызметкерлері, экипаж, медицина қызметкерлері ұшақты әуежай аумағындағы жеке аймаққа қондыру кезінде, сондай-ақ пациенттерді жеке бағыт бойынша оқшаулау және карантиндеу процесінде коронавирусты инфекциялардың таралуына жол бермеу бойынша барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтағанын атап өткен жөн. Ұшақ бортында жолаушылар термомет­рия әдісі бойынша үш кезеңнен тұратын тексеруден өтті.

Жұқпалы аурулар ауруха­на­сының аумағына келген аза­мат­тарға барлық қажет­ті жағ­дайлар жасалған. Меди­ци­налық ұйымдар дәрі-дәрмектердің жә­не эпидемияға қарсы қорғану құралдармен жет­кілікті түрде қамтамасыз етілген.

Жалпы, бүгінде әлемде 45 188 коронавирусты инфекция жағ­дайы тіркелген.

Алматыда жағдай тұрақты, коронавирусты жұқтыру дерегі жоқ. Жағдай биліктің бақы­ла­уында. Өңірлік штаб корона­ви­русты инфекцияның та­ра­луының алдын алу бойынша кү­шейтілген іс-шараларды іске асыруда. Барлық халықаралық рейстер бойынша вирустық инфекциялардың алдын алу жә­не диагностикалау бойынша эпи­демияға қарсы шаралар жү­зеге асырылуда.

Коронавирус мәселелері бо­йын­ша Қазақстан аумағында 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді. Со­нымен қатар аталған рейс­пен кел­гендердің мәселелері бойынша Алматыда 8 707 677 71 68,

8 771 404 54 65 нөмірлері бо­йы­н­ша «жедел желі» жұмысы ұйым­дастырылды.