Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Медеу ауданында 59 көше жөнделеді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен жиында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді.

Медеу ауданында 59 көше жөнделеді

Есте болса, өткен жылдың  5 шілдесінде өткен көшпелі жиналыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан басшыларына қаладағы орташа жөндеуден өткен жолдардың санын арттыруды тапсырған еді.Осы мақсатта ағымдағы жылы Медеу ауданында жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

«Өткен жылы барлық 59 жолды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Бұл жоба тұрғындармен бірнеше рет талқыланды. Біз мамыр, маусымға дейін оң мемлекеттік сараптама алып, жазда толық асфальттау қарастырылған жерлерде күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз деп болжаймыз», деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Бұдан өзге, ол жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге бақылау жасау аудан тұрғындарымен бірге жүргізілетінін атап өтті.Бүгінде аталған мәселені толық шешу мақсатында қалалық мобильдік басқармасымен осы көшелерді күрделі жөндеу және абаттандыру жобасы әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар