Бүгінгі таңда «Мен – алматылықпын» қоғамдық бірлестігі сегіз бағытта жұмыс жасауда: 1). Білім беру жобалары; 2). Төтенше жағдайлардың салдарын жою және зардап шеккен аймақтарға гумманитарлық көмек көрсету; 3). Спорттық лига; 4). Деморганизация жұмыстары; 5). «Юстус» заң палатасы; 6). Арнайы мақсаттағы күштердің Ардагерлер одағымен бірлескен жұмыс; 7). Экология мәселесі; 8). Жастар қанаты.
Расында да, осы бағаттарда айтулы ұйым біраз шаруа тындырған екен. Мәселен, республикамыздың бірқатар өңірінде (Арыс пен Алматы қалалары, Қарағанды мен Ақтөбе облыстары және т.б ), тіптен шет мемлекеттерде орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысып, гумманитарлық көмек көрсетті. Қартттар мен жетімдер үйін өз қамқорлығына алды. Кембағал жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуде.
Білім беру жобасы бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 1700-ден аса баланы жаңа технологиялар бойынша ағылшын тіліне үйретті. Спорттық сайыстар және әскери-патриоттық шараларды үздіксіз ұйымдастырып тұрады. Осылайша, халықтың денсаулығын нығайтып, оларды салауатты өмір салтына ынталандыруға және жас жеткіншектерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге барынша үлес қосуда.
Экология мәселесі де «Мен – алматылықпын» қоғамдық бірлестігі назарынан тыс қалған емес. Осы орайда, еріктілер қаланы көріктендіру, гүлдендіру бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізіп келеді. Міне, осылай тізбектей берсек, айтулы ұйым тарапынан атқарылып отырған шаруаның аз еместігіне анық көз жеткізуге болады.