Күрес • 14 Ақпан, 2020

UFC-дің рейтингі жаңартылды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді үйым - UFC-дің P4P рейтингі жаңартылды. Бұған дейін көш бастап келген америкалық Джон Джонс өз орнын ресейлік Хабиб Нұрмагомедовке босатты.

UFC-дің рейтингі жаңартылды

Оған жуырда ғана Хьюстонда өткен жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы Джон Джонстың өзінің отандасы Домиником Рейесті әзер ұтуы себеп болды. Сөйтіп, жеңіл салмақтағы Дағыстанның батыры әлемдік рейтингте көш бастаса, АҚШ алыбы екінші орынға сырғып түсті. Ал үшінші орында – тағы бір америкалық спортшы Генри Сехудо. Ол аса жеңіл салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ жаңартылған рейтингте «ТОП-10» жекпе-жек шеберлері қатарына Стип Миочич (Хорватия/АҚШ), Даниель Кормье (АҚШ), Исраэль Адесанья (Жаңа Зеландия), Камару Усман (Нигерия/АҚШ), Деметриус Джонсон (АҚШ), Тони Фергюсон (АҚШ) және Александр Волконавский (Австралия) сынды саңлақтар еніп отыр.