Президент • 14 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Reverse Logistics Systems GmbH компаниясының төрағасымен кездесті

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында өтетін Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Reverse Logistics Systems GmbH, CCR Logistics Systems AG компаниясының Басқарма төрағасы Патрик Видеманмен кездесті.

Мемлекет басшысы Reverse Logistics Systems GmbH компаниясының төрағасымен кездесті

Кездесу барысында Патрик Видеман ұсынып отырған жаңа жүйені таныстырып өтті. «Біз Қазақстанға қатысты тың ұсыныс ойластыруға тырыстық. Негізгі мақсат тұрғындардың қоқыстар туралы ойын өзгерту. Әр қолданылған заттарды қайта өндеуге болатынын түсндіру», дейді компания басшысы.

Жаңа жүйе бойынша, қолданылған заттарды жинап, оны «депозитке» тапсырады. «Әр тапсырылған тауардан 25 цент қайтарылады. Бұл еуропаның бірнеше мемлекетінің тәжірибесі негізінде енгізілді. Бұл жүйе 13 жылдан бері қолданып келеді. 19-жүйе деп аталып кеткен. Әр бөтекеге жеке код беріледі. Бұл әр бөтелкенің тиісті жерге жеткенін бақылауға мүмкіндік береді», дейді Патрик Видеман.

Айта кетсек, Reverse Logistics Systems GmbH копаниясы Atos компаниясымен бірлесіп көптеген елде депозиттерге жаңа жүйе енгізумен айналысады.  Аталған жүйе экономиканың экологиязациялануы мен қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қоспақ. ГФР, АҚШ, Канада, Финляндия, Швеция, Нидерланд, Литва мен Эстония сияқты мемлекеттерде қолданысқа енген.

2006  жылы негізі қаланған компанияның бас ғимараты Мюнхен қаласында орналасқан.  

Бүгінгі таңда RLG-ге қарасты 30 компания жұмыс жасауда. Әлемнің 80 мемлекетінде өкілдігі бар. Холдингтің жылдық айналымы – 700 млн еуро.

Компания жаңа жүйені Қазақстанда да енгізуді көздеп отыр. Келісім орнаған жағдайда, 4-5 мың адамды жұмыспен қамтиды деген болжам бар. Еске сала кетсек, аталған компаниямен 2018 жылдың желтоқсанында «KazakhInvest» АҚ Қазақстан-Гермния іскерлік кеңесі шеңберінде әріптестік меморандумына қол қойды.

 

Мюнхен, Германия