Қоғам • 15 Ақпан, 2020

136 тәртіп бұзған қару иелері анықталды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік-Қазақстан облысында қару иелерінің арасында 136 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

136 тәртіп бұзған қару иелері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасында “Қару” атты облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Бес күн ішінде әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметкерлері қару иелерін тексеріп, басты назарда – қаруды сақтау, алып жүру және уақытылы қайта тіркеу ережелерін сақтау сияқты қағидалар тексерілді.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Омаровтың мәліметі бойынша, жедел-профилактикалық іс-шараға 500 астам қызметкер жұмылдырылды. Онымен қоса 83 рейдтік топтар жұмыс атқарды. Рейдтің мақсаты – тіркелген қаруды ұрлаудың алдын алу, қаруды қолдану арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу, сондай-ақ қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және пайдалану ережелерін сақтау болып табылады.

Нәтижесінде 5 күнде 2730 қару иелері тексеріліп, 136 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 109 – қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін, 27 – қаруды қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушылардың әрқайсысынан қару уақытша тәркіленді. Олар тек айыппұл төлеу ғана емес, сонымен қатар қайта оқытудан өтіп, қаруды одан әрі пайдалану үшін сынақ тапсыратын болады.

Әкімшілік полиция басқармасында қару кез-келген уақытта жоғары қауіп көзі болып табылатындығын атап өтті. Бұл саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қару айналымы  мәселелері облыстық полиция басшылығы мен учаскелік полиция инспекторларының  тұрақты бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше