Отырысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы М. Мясникович өткізді.
Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә.Смайылов басқарды.
Талқылау нәтижесінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер ЕАЭО бірыңғай нарығының тиімділігін арттыру, одақтың цифрлық кеңістігін құру, мемлекеттік сатып алу мен оларға қолжетімділік процесін цифрландыруды қамтамасыз ету, ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру, ЕАЭО-ның институционалдық базасын жетілдіру және т. б. мәселелер бойынша бір байламға келді.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ЕЭК Кеңесінің келесі отырысында Стратегиялық бағыттар жобасын талқылауды жалғастыруға келісті.
Қарастырылып отырған стратегиялық бағыттар Қазақстанның мүддесін толық қамтамасыз етеді, яғни экономикалық интеграциялық процестерді тереңдетуден болатын экономикалық пайданы мейілінше арттыруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған Декларацияны іске асыру үшін Стратегиялық бағыттардың жобасы әзірленуде.