Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Қызылордада еске алу митингісі өтті

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған "Ауған. Сөнген шоқ, өшкен арман..." атты еске алу митингісіне қатысты. Шараға Ауған соғысы ардагерлері, әскери қызметшілер мен "Жас сарбаздар" қоғамдық ұйымының мүшелері келді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылордада еске алу митингісі өтті

Ауған соғысына қазақ жерінен 22 мыңнан астам жауынгер қатысқан. Ал Сыр өңірінен 800-ден аса азамат шақырылып, 18 жерлесіміз оққа ұшты.  

Аймақ басшысы әр уақыттың өз тарихы, өз естелігі болатынын айтты. Сол себепті де түрлі дәуірде адамзатты дүр сілкіндіріп, қаншама миллиондаған жандардың өмірін қиған қатыгез соғыстар ешқашан ұмытылмайды.

– Ауған соғысында 50-ден аса азаматымыз мемлекеттік наградалар - «Қызыл жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін», медальдарымен марапатталды. Бүгін Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа мен Бұқарбай, Жаназар сияқты қамал бұзар хас батырлар рухы қолдаған, ерлігі мен өрлігін қайталаған сіздер сияқты айбынды жауынгерлердің күні. Сіздер Ауған жеріндегі халықтың бейбіт өмірін қорғауға қатысып, азаматтық борыштарыңызды асқақ абыроймен атқардыңыздар,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, шарада Ауған даласында қаза тапқан сарбаздар рухына құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.