Штаб-пәтері Амстердам қаласында орналасқан Top Employer Institute – компаниялардың қызметкерлерін басқаруда әлемдік жоғары стандарттарға сай екендігін бағалайтын беделді халықаралық сертификаттау ұйымы.
«Үздік жұмыс беруші» атану үшін ұйым қызметкерлеріне қатысты стратегиясы олардың пайдасына жұмыс істейтіні дәлелденуі тиіс. Біздің рейтингке қатысушылар – өз қызметкерлерінің мүмкіндіктерін үнемі кеңейтуге бағытталған компаниялардың жарқын мысалы», деп есептейді үздік жұмыс берушілер институтының бас директоры Дэвид Плинк.
Институт келесі өлшемдер бойынша компанияларды егжей-тегжейлі зерттейді: кадрлық жоспарлау стратегиясы; кадр резервін басқару; жаңа қызметкерді бейімдеу; қызметкерлерді жаңа лауазымдық міндеттерге баулу; оқыту және дамыту; әр қызметкердің жұмысын басқару; басшылыққа қызметке даярлау; әлеуметтік пакет, жалақы, жеңілдіктер мен өтемақылар бағдарламасы; корпоративтік мәдениет.
Осындай бірнеше зерттеуден өткеннен кейін компания тәуелсіз аудиторлық тексеруден өтеді. Сертификаттаудың ерекше стандарттары мен мұқият тексерілуі – Top Employers марапатына ең жоғары стандарттары бар және ең үздік жұмыс берушілер ғана ие бола алатынының айғағы.
«Біз биыл бесінші рет «Үздік жұмыс беруші» сертификатына ие болдық. Бұл – біздің HR-стратегиямыздың дұрыс бағытта екендігінің дәлелі. Кәсібиліктен бөлек, біз қызметкерлердің жан-жақты дамуына, жаңа дағдыларды алуына, олардың компания ішіндегі еңбегін мойындалуы үшін жағдай жасауға ұмтыламыз. Ішкі коммуникацияларды белсенді дамытамыз, әр қызметкердің пікірі маңызды және компания әрбір пікірді назарға алады. Біз үшін жұмыс орнында өзара түсіністік, қауіпсіздік пен кәсіби атмосфераны қолдау өте маңызды», дейді ФМҚ персоналды басқару жөніндегі директоры Алтынай Тезекова.
Талантты қызметкерлерді жұмысқа шақырып, оларды компанияда ұстап тұру үшін ФМҚ оқыту және жұмыс беру мүмкіндіктерін қарастырады. Осы арқылы компания өз болашағына инвестиция салады. ФМҚ корпоративтік мәдениетінің ерекшелігі – тұрақты түрде жақсартуларды енгізу және ағымдағы процестерді жетілдіру. Бұл принцип қызметкерлерді оқыту процесіне де қолданылады.
Сондай-ақ, компания қызметкерлеріне «Филип Моррис Интернэшнл» қатысатын басқа да елдерде тәжірибе байытып, әрі қарай мансап жасауға мүмкіндік береді. Соңғы екі жылда ғана Қазақстаннан шыққан 37 қызметкері халықаралық деңгейдегі жауапты қызметтерге жоғарылады.
Компания басшылығы қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасап қана қоймай, халықаралық еңбек нарығында сенімді бәсекелесе алатын жоғары білікті қазақстандық мамандарды тәрбиелеуге ұмтылады.
ФМҚ 1993 жылдан бастап өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына 16 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген.
АЛМАТЫ