Аймақтар • 16 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында шахтадағы өрт сөндірілді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алты сағат арпалысқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қарағанды облысында шахтадағы өрт сөндірілді

15 ақпан күні сағат 21:30 шамасында Шахтинск қаласына жақын орналасқан шахтада өрт болды. Жалын 100 метр тереңдікте тұтанған. Шахтада болған 116 адам эвакуацияланды. 

Өртті сөндірумен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның 60 маманы мен 6 техникасы айналысты.

«100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ИИДМ «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деді ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.