Хоккей • 16 Ақпан, 2020

«Барыстың» арқасында «Локомотив» плей-оффқа шықты

57 реткөрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» ресейлік «Сочи» клубын 3:2 есебімен ұтты. Соның арқасында Ярославльдің «Локомотиві» плей-оффқа жолдама алды. 

Сөйтіп, қазірдің өзінде биылғы маусымда Гагарин кубогы үшін таласатын 11 команда белгілі. Осыған дейін ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Мәскеу), «Йокерит» (Хельсинки), «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Барыс» (Нұр-Сұлтан), «Спартак» (Мәскеу) және «Сибирь» (Новосібір) плей-офф бәсекесінің жолдамасына иелік еткен еді.

Ал ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігі әлі де жалғасуда. «Барыстың» алда төрт ойыны бар. Атап айтсақ, 18 ақпанда Новосібірдің «Сибирін» және 21 ақпанда Уфаның «Салават Юлаевын» қабылдаймыз. Ал соңғы екі ойынды «Барыс» сыртта өткізеді: 24 ақпанда Владивостоктың «Адмирал» және 26 ақпанда Хабаровскінің «Амур» клубтарымен күш сынасамыз.  

Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Кеше

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар