11 Тамыз, 2013

Ақтөбе: Студенттер бар, ал жоғары оқу орны жоқ

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Актюбинский региональный университет

Қазір Ақтөбе аймақтық университеті деген тек қағаз жүзінде ғана бар. Сондықтан оның студенттері ақшаны кімге төлейтіндерін, сосын не болатынын білмей дал болып жүр. Мұның жайын «Актобе-таймс» газетінің тілшілері зерттеді.

Газе тілшісінің жаазуынша, облыс орталығындағы педагогикалық институт пен Жұбанов атындағы университетті біріктіру ақтөбелік студенттер мен олардың ата-аналарын қатты мазасыздандырып отырғанға ұқсайды.

«Біз тіпті енді қандай факультетте оқитынымызды да білмейміз, - дейді Алпамыс атты студент. – Мен, мысалы, химик-сарапшы болуға дайындалып жүргенмін. Жаңа оқу орнында мұндай мамандықтың дайындалатын-дайындалмайтынынан хабарым жоқ. Бәлкім, тек педагогтар шығаратын шығар. Ал менің мұғалім болғым келмейді. Биылғы жылғы талапкерлер қайда баратындарын да түсінбейді».

Ата-аналарды оқуға ақы төлеу жағы да мазалайды.

Екі оқу орнының бірігуі олардағы оқытушыларды да қуандырып отырған жоқ. Олардың көбі жұмыстарынан айрылып қалудан қорқады.

Ақтөбе педагогикалық университетінің бұрынғы проректоры Анатолий Усовтың сөзіне қарағанда, аймақтық мемлекеттік университеті деген өазір қағаз жүзінде ғана бар. Ал бұл қағаз – Yкіметтің 2013 жылғы 29 мамырда қабылдаған екі оқу орнын қайта құру туралы қаулысы.

«Университет заңды тұлға ретінде әлі жасалған жоқ, - деп түсіндіреді Анатоий Владимирович. – 12 тамыздан кейін, айталық, заң жүзінде есепке алу жүргізіледі. Осыдан кейін ғана қандай факультеттердің болатыны, оларда қандай мамандар дайындалатыны анықталады. Әзірге бұл туралы бірдеңе айту қиын. Бір ғана нәрсе айқын, пединститут пен Жұбанов атындағы университетте оқыған барлық студенттер жаңа оқу орнында оқуларын жалғастыратын болады».

Аймақтық университет 13 мыңға жуық студенттерді қабылдайды. Оқытушылар саны 700 адамды құрайды. Алдын ала есеп бойынша, жоғары оқу орнының қарауында 10 оқу корпусы болады.

Мұрат Айтқожа.