11 Тамыз, 2013

Қарағанды облысында кент әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дело-1

Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті сыбайлас жемқорлық жасау фактілері бойынша Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімі М.Дәрібековке қатысты бірқатар қылмыстық істер қозғады. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттінің (Қаржы полициясы) сайтына сүйеніп, EgmenNews.kz тілшісі хабарлады.

Кент әкіміне тағылған айыптардың қатарында, мәселен, оның 2013 жылғы мамырда Сарышаған кенті аумағында балаларға арналған алаңдар жасау және орнату бойынша мемлекеттік тапсырыстың іс жүзінде орындалмағанын біле тұра, ЖШС-ның жұмысты орындағаны туралы актіге қол қойғаны бар.

Аталған актінің негізінде, биылғы жылдың 21 мамырда ЖШС есепшотына сомасы 3 млн. 920 мың теңгеге бюджеттік ақша қаражаты аударылған.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Құрыш Нұрымбет.