
Бірнеше күннен бері Қостанай облысының бірқатар елді мекендерінде су тасқыны жүріп жатыр. Бұл туралы «Наша газета» хабарлады,
«Сағат таңертеңгі 10-да Варвара селосы маңындағы гидробекеттегі судың деңгейі 380 сантиметрге жетті. Қарабалық ауданында судың деңгейі 26 сантиметрге көтерілді. Таран ауданында су қайта-қайта көбейіп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Челябі гидрометорталығы ауар арайын болдау бөлімінің бастығы Лидия Попованың дерегіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС-тың хабарлауы бойынша, ең күрделі жағдай Қарабалық ауданымен шекаралас Қарталы қаласында қалып тасып отыр. «Мұндағы жауын-шашынның айлық нормасы 42 мм болса, соңғы тәулікте онда 99 мм түсіп тұр. Егер үш тәулікті алсақ, бұл мөлшер 155 мм болады. Тұтастай алғанда, айта кету керек, соңғы үш тәулікте Челябі облысының түстігінде нөсер жаңбыр түрінде төрт айлық норма .түсті», деп хабарлады ИТАР-ТАСС жоғарыдағы маманның сөзіне сілтеме жасап.
Сұлтан Бозайғыр.