12 Тамыз, 2013

Мысыр полициясы Мурсидің жақтаушыларын қууға кірісті

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Египет-Сторонники Мурси-1

Мысыр полициясы бүгін таңертеңнен бастап Каир алаңдары мен көшелеріндегі экс-президент Мұхаммел Мурсидің жақтастарын қууға кірісті. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Бұдан бұрын «Төңкерістерге қарсы және демократия үшін альянс» қозғалысы тақтан тайдырылған Мысыр президентінің жақтастарын «сайлаудың заңдылығын қорғау» үшін Каир көшелерімен он марш жасап өтуге шақырған еді.

Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдары шексіз акцияны тоқтату үшін жүргізілетін операцияның бірнеше аптаға созылатынын хабарлаған болатын. Билік көптеген құрбандықтарға апаратын болғандықтан, исламистердің шатырлы қалашықтарына бір мезгілде шабуыл жасаудан бас тартты. Ал исламистердің акциялары Мурси тақтан тайдырылған 3 шілдеден басталып кеткен-ді.

Айдар Өрісбаев.