12 Тамыз, 2013

Бір еркек алдымен кішкентай ұлын, сосын өзін өлтірді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Английская полиция-1

Англияның Нью-Гэмпшир штаты Манчестер қаласындағы Христиан жас әйелдері ассоциациясы ғимаратының екінші қабатында бір ер кісі мен баланың мәйіттері табылды. Полиция Коркорд-стрит көшесі бойында атыс болғаны туралы хабар бойынша жетті. Бұл туралы орыс тіліндегі RT хабарлады.

Атыс турасындағы қоңырау жергілікті уақытпен 10:30 сағатта шлынды. Полиция осыдан кейін сол маңға баратын жолдардың бәрін жауып, келушілерді Жеңіс баябағынан алып шықты. Артынша тәртіп сақшылары ересек ер кісі мен баланың денелерін тапты. Олардың мәліметтері бойынша, еркек алдымен баланы атып өлтірген, сосын өзін атқан. Әлі анықталмаған ақпарға сай, аты аталмай отырған күдікті өзінің досына электронды поштамен хат жолдап, өзінің туған ұлын атып тастағалы отырғанын жазыпты.

Полицияда бұдан басқа дерек жоқ. Инспектор Дэвид Мараның сөзіне қарағанда, «қоғамдық қауіпсіздікке қатер төнбеген».

Христиан жас әйелдердің ассоциациясы балаларымен келуші ата-аналар үшін жексенбі күндері есігін ашатын көрінеді.

Мұрат Айтқожа.