
Мәскеу мэрлігіне дауысқа түскелі жатқан кандидаттар арасында науқанға қаржы жинауда Кремльді қаланың осы кезге дейінгі басшысы Сергей Собянин топ бастады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Тамыздың 6-сындағы мәлімет бойынша, сайлау қорына С.Собяниннің түсірген ақшасы 100,5 млн. рубль болған. Сол сияқты Алексей Навальный -
— 31,56 млн., Николай Левичев — 31 млн., Сергей Митрохин — 20 млн., Ивана Мельников — 20 млн.-ға жуық, ал Михаил Дегтярева 6 млн. рубль түсірген.
Сайлау қорынан ең көп ақша жаратқан да Собянин болып шыққан. Ол осы кезге дейін 36 млн. рубльдің төбесіне су құйып үлгеріпті.
Сұлтан Бозайғыр.