12 Тамыз, 2013

«Мұсылман бауырлар» Мурсидің жақтастарын топтасуға шақырып отыр

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Египет-Братья-мусулмане-2

Мысырдағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысы кеше биліктің Каирде митингіге шығушыларды қуып тарату жөніндегі шешімін естігеннен кейін өздерінің жақтастарын қайта бірігуге шақырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Исламистер бұдан басқа Каирдің үш бұрышында қарсылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеп отыр. Елдің барлық түкпірінен бүгін астанаға қарай келешек демонстранттар легі жолға шығады. Алдағы жұма күні олар Тахрир алаңында тұруы тиіс. Мұны исламистер әскердегідерге ескертуде.

Өткен апата тағынан тайдырылған президент Мухаммед Мурсидің жақтастары Рабаа аль-Адауия мешітінің жанында баррикада құрды.

Сұлтан Бозайғыр.