Әлем • 18 Ақпан, 2020

Канада, АҚШ тұрғындары ерекше астрономиялық құбылысқа куә болады

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбінің таңында жергілікті уақытпен Канада мен Орталық және шығыс-солтүстік Американың тұрғындары ерекше астрономиялық құбылысты тамашалауға мүмкіндік алады. Ай Марс планетасының жанынан өтіп, оны 90 минутқа жауып қалады.

Канада, АҚШ тұрғындары ерекше астрономиялық құбылысқа куә болады

Канаданың және АҚШ-тың кейбір батыс және орталық штаттарының тұрғындары қараңғы аспанда Қызыл планетаның жоқ болып, қайта пайда болуын бақылай алады.

Құбылысты тамашалауға алдын ала дайындалғандар телескоп немесе бинокль арқылы анық көруге болатынын айтады. 

Құбылыс географиялық ерекшеліктеріне байланысты Канада мен АҚШ-тың штаттарында әр түрлі уақытта пайда болады.

Мысалға, Канаданың Гандер аймағындағылар ерекше құбылысты күндізгі 9:48-де көруге мүмкіндік алса, АҚШ-тың Невада, Калифорния штаттары үшін түнгі 3:36-да басталып, 4:40-та Марс қайта пайда болады.